Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Джентльмендер клубы Арыста зардап шеккендерге 10 млн теңге аударды

2019 жылғы 25 маусым 14:42 459
Бөлісіңіз:
Джентльмендер клубы Арыста зардап шеккендерге 10 млн теңге аударды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Джентльмендер клубы белгілі кәсіпкер Оралбек Ботбайдың қолдауымен Арыс тұрғындарына 10 млн теңге аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның Джентльмендер клубы белгілі кәсіпкер, өз елінің нағыз патриоты, үлгілі джентельмен Оралбек Ботбайдың қолдауымен Арыстағы отбасылардың қажеттілігі үшін 10 млн теңге аударады. Қазақтар ешқашан бірін-бірі қиын кезеңде тастап кеткен емес. Біздің осынау көп ғасырлық ізгі дәстүріміз ХХІ ғасырда да жалғасын тапты», - деп жазды клуб көшбасшысы Арман Қашқынбеков facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Джентльмендер клубы бұған дейін де мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп келеді. Бұған дейін клуб мүшелері өскемендік 7 балалы отбасыға үй алатын ақша берген болатын.

«Осынау бастама көптің назарына іліге бастады. Бастамаға біздің бизнесмен досымыз Оралбек Ботпай да қолдау көрсететінін жеткізді. Осылайша, бизнесменнің қолдауымен бүгін «Қазақстан барысы-2019» турнирінің қорытындысында көпбалалы отбасыға бір үйдің қаражаты табысталды. Яғни, өскемендік отбасыға жасалған қолдау - Джентельмендер клубының баспана сыйлау бойынша екінші жобасы. Өскемендегі 7 балалы отбасының отағасы ғана жұмыс істейді. Аядай бөлмені жалдап тұрып жатқан отбасыға осылайша үй алып беруді шештік», - деген еді клуб көшбасшысы.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жақсылық жаса, Арыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT