+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Джеки Чанға кинематографияға қосқан үлесі үшін «Оскар» cыйлығы тапсырылды

2016 жылғы 13 қараша 15:40
Бөлісіңіз:
Джеки Чанға кинематографияға қосқан үлесі үшін «Оскар» cыйлығы тапсырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Актер Джеки Чан сенбіде кинематографияға қосқан елеулі үлесі үшін «Оскар» сыйлығын алды (Academy Honorary Award), деп хабарлайды ТАСС Америкалық кино өнері академиясының хабарламасына сілтеме жасап.

Марапатты Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты) Hollywood and Highland Center ойын-сауық кешенінде арнайы салтанатты кеште тапсырды. Бастапқыда бұлар «Оскар» сыйлығымен марапаттаудың негізгі рәсімі кезінде тапсырылып жүрген. Бірақ кейіннен маңыздылығын ерекшелендіру үшін арнайы кеш өткізілді.

«Оскар» сыйлыығын алған соң, бүкіл әлемге танымал шығыс жекпе-жегінің шебері өзінің кинематографиядағы ұзақ жылғы жемісті еңбегіне қарамастан бұл марапатты күтпегендігін айтты.

Академия Джеки Чаннан бөлек америкалық режиссер-документалист Фредерик Вайсманға, кастинг-директор Линн Сталмастерге, сондай-ақ британдық әйел - монтаж жасаушы Энн Коутсқа мүсіншелер табыстады.

Forbes журналының деректері бойынша, 62 жастағы Джеки Чан әлемдегі ең жоғары жалақы табатын актерлердің рейтингінде екінші орында (61 млн доллар).

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT