Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Джеки Чан тарту еткен кітап Елбасы кітапханасына келіп түсті

2019 жылғы 17 мамыр 04:10 349
Бөлісіңіз:
Джеки Чан тарту еткен кітап Елбасы кітапханасына келіп түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйгілі киножұлдыз Джеки Чан тарту еткен кітап   Елбасы кітапханасына келіп түсті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде Әзілхан Нұршайықов пен Тұрсынғазы Рахимов көшелері пайда болды «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңдері басталды

«Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Қытайға сапары барысында белгілі актер Джеки Чанмен жүздесті. Кездесуге Қытай актерінің әріптестері мен шығармашылық ұжымы қатысты. Елбасы әлемге әйгілі тұлғамен кездесу сәтінің түскеніне ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті. Осы тұста Джеки Чан қос мемлекет арасындағы мәдени ынтымақтастыққа көрсетіп жатқан Елбасының қолдауы үшін зор алғысын айтып, Н.Ә. Назарбаевқа «Мен бақыттымын»  кітабын тарту етті»ғ-делінген хабарламада.

Бүгінде Қытай актерінің қолтаңбасы бар кітап Елбасы кітапханасының қорына келіп түсті. Алты бөлімнен құралған тартулық басылым Джеки Чанның өмірі мен өнер саласындағы жолынан сыр шертеді. Көзі тірісінде есімі аңызға айналған тұлғаның өмірлік көзқарастары мен ұстанымдарын, ұлттық мәдени мұра мен адами құндылықтарға адалдығын, еңбекқорлығы мен қарапайымдылығын, ерлігі мен бастан өткен оқиғаларын кітап бетіне актердің әріптес досы Чжу Мо түсірген.

«Адамдардың тағдырларын қосатын бұл өмір тосынсыйларға бай. Аталмыш кітаптың жазылып, басылымнан шығуы үш жылдай уақытты талап етті. Бұл уақыттың ішінде бақытқа да, сәтсіздікке де толы сәттерді бастан өткеріп үлгердім. Өткенге көз жүгіртсем, естеліктеріммен дәл қазір бөліскенім абзал сияқты. Әңгімелерім оқырмандарға қызық болады деген үміттемін. Олар кем дегенде нағыз болмысымды танып-түсінуге, қорытынды ой түртуге көмектесуі тиіс», - деп Джеки Чан кітап алғысөзінде пікір бөліседі.

 «Мен бақыттымын» кітабы Джеки Чанның шынайы әрі ашық әңгімелеріне негізделген. Басылым беттерін парақтаған оқырман түсірілім алаңдарында болған қызықты жағдайларды оқып қана қоймай, актердың абыройлы тұлға ретінде қалай қалыптасқанын, қандай қиындықтардан өткенін біле алады. Қарапайым тілмен жазылған ол Джеки Чанның ата-анасына, жұбайы мен ұлына, әріптестері мен достарына деген қарым-қатынасын баяндап, актердің қуанышын, кейде өкініші мен мұңын келтіреді, кез келген адамның қателік келтіруге бейім екенін түсіндіріп, бақытты болудың «сырын» үйретеді.

 

 

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Білім, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT