Джеки Чан Қазақстанда кунг-фу мектебін ашпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал актер Джеки Чан жақында Бейжіңде ашылған кунг-фу мектебі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір Бейжіңде кунг-фу бойынша жаттығулар жүргізудеміз, алдағы жылы онда мектебімізді ресми түрде ашуға ниеттіміз. Сондықтан да осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осы өнерге қызығушылық танытқан адамдар Бейжіңге келіп, кунг-фуды меңгеруді өтінер едім. Бүгінде осы саладағы жұмыстарымыз жаңадан қарқын алуда, осы орайда болашақта барша әлемде мектептерді ашуға ниеттімін. Мүмкін Қазақстанда да кунг-фу мектебі ашылып қалар», - деді танымал актер.

Бұдан бөлек ол қайырымдылық шараларына да тоқталып өтті.

«Мен әрқашанда осы бағытқа үлесімді қосуға әзірмін. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары көмекті қажет ететін проблемалар жайында жиі мәлімет таратса деген ұсынысым бар. Шын мәнінде Қазақстан жайында толық білмеймін. Негізінен әлем бойынша қайырымдылықпен айналысқан кезде БАҚ өкілдері маған қандай көмекті көрсетуге болатындығы жайында хабардар ететін», - деп түйіндеді сөзін Джеки Чан.

Еске сала кетейік, әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам - Джеки Чан кеше алғаш рет Астанаға аяқ басты. Шараның басты ұйымдастырушылары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы. 

Соңғы жаңалықтар