Джастин Трюдо бүкіл Канадаға жайылған орман өртін климат кризисімен байланыстырды

None
Фото: HO/AP
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүкіл Канадаға таралған өрттен 20 мыңнан астам адам үйін тастап, қоныс аударуға мәжбүр болды. АҚШ-тың батыс жағалауында соңғы жылдағы ең нашар ауа сапасы байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтемемен.

Өрт елдің көптеген өңірін шарпыған. 400-ден астам өрт ошағы жердің құрғауынан тұтанып, бірден таралған.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо бір кездері климат өзгерісіне қарсы күрес жоспарына қарсы шыққан оппозицияны кінәлады.

Португалия, Испания мен Франция канадалықтарға 280 өрт сөндіруші, АҚШ 600-ден астам адам жіберген.

Өрт түтіні көрші елдерге де тарағанын жазған едік. АҚШ билігі Вашингтон мен Нью-Йорк сияқты қалаларда ауа сапасының төмендегенін жариялады.

Нью-Йорк пен Вашингтонда мемлекеттік мектептердің жұмысы тоқтатылды, ал Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс жағдайдың ушығуы мүмкін екенін ескертіп, халықты үйден шықпауға шақырды.

АҚШ президенті Джо Байден Канададағы өртті «климат өзгерісінің салдары туралы айқын ескерту» деп атады.

Қаңтардан бері Канадада дала өрті 3,8 млн гектар орман алқабын жоқ қылды.


Соңғы жаңалықтар