Джакартадағы жарылыстар кезінде полиция қызметкерлері құрбан болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның астанасында жарылған екі бомбаның салдарынан 3 полиция қызметкері құрбан болып, 10 адам дене жарақатын алды. Жарылғыш затты террорист-жанкешті іске қосқан. Бұл туралы ТАСС Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Жарылыс Джакартаның шығысындағы автобус аялдамасында болды. Жарақат алғандардың 5-уі құқық қорғау органдарының өкілі, қалған 5-уі адам ел тұрғындары. Жарылған екі бомбаның уақыт айырмашылығы 5 минут.

«Полиция қызметкерлері кезекшілікте болған, олар шеру өткізіп жатқан азаматтарды күзетіп жүрген. Күдіктінің екеуі де ер адам. Олардың жеке тұлғалары анықталуда»,-деді полиция өкілі.

Индонезияның көлік нысандарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлады елдің көлік министрі Буди Кариа Сумади.

Соңғы жаңалықтар