Дычконың қарсыласы туралы не білеміз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иван Дычконың (6-0, 6 КО) кәсіпқой рингтегі жетінші қарсыласы  42 жастағы америкалық бокс ардагері Морис Харрис (26-21-3, 11 КО) болмақ. «SPORTINFORM» САА бұл боксшы жөнінде ақпарат ұсынады. 

Харрис алғаш рет рингке шыққанда Дычко екі жаста болатын

Морис Харрис кәсіпқой рингке алғаш рет 1992 жылы 16 жасында жартылай ауыр салмақта шыққан. Боксшы алғашқы жекпе-жегінде төрешілердің шешімімен өзінен 10 жас үлкен қарсыласы Джо Кеннеге жол берді.

Күтпеген кездерде жеңіске жетті

1996 жылы 20 жасында Морис жеңіліп көрмеген боксшы, 1992 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Дэвид Айзонмен кездесті. Нигериялық боксшы кәсіпқой рингтегі 18 кездесуінде 18 рет жеңіске жеткен. Сондай-ақ, екі жекпе-жегінде ғана соңына дейін айқасқан. Алайда, бұған дейін үздіксіз үш рет жеңіліске ұшыраған Харрис бұл кездесуде жеңіп шықты. Көпшілік таңданысын жасыра алмады.

Аңызға айналған Ларри Холмспен бірдей дәрежеде бокстасты

Сандерсті жеңген соң, 21 жастағы Морис бокс әлеміне аса танымал Ларри Холмспен күш сынасуға мүмкіндік алды. Бокс ардагері Холмс ол кезде 47 жаста болғанымен, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Дерек Джефферсоннан «жыл нокаутын» алған

Ұзақ уақыт бойы үздік нәтиже көрсетіп келе жатқан Морис 1999 жылы сол уақыттың жеңілмейтін боксшысы Дерек Джефферсонмен кездесті. Айқас көпшіліктің назарын аударды, қос боксшы бірін-бірі кезек-кезек нокаутқа түсіріп, тең дәрежедегі ойын көрсетті. Алайда алтыншы раундтың соңына қарай Харрис сол жақ бүйірден тиген соққыны байқамай, тіс қорғаныс қабы ұшып кетіп, нокаутқа кеткен болатын.

Кәсіпқой рингте 50 рет жекпе-жек өткізген

2000 жылдан бастап Харрис титулдық жекпе-жектерге жақын болғанымен, жағына тиген соққыларды көтере алмағандықтан, жоғары нәтижеге қол жеткізе алмады. Харристің кәсіпқой бокстағы 21 жеңілісінің 14-і нокаутпен аяқталған.

Соңғы жекпе-жегі үш жыл бұрын өтті, ал соңғы рет жеңіске 5 жыл бұрын қол жеткізген.

Иван Дычко мен Морис Харрис 6 шілде күні АҚШ-та (Флорида штаты, Голливуд) жұдырықтасады.

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар