Дычко мен Елеусіновтің менеджері боксшылардың жоспарларын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшылар - Иван Дычко мен Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев Sports.kz порталына берген сұхбатында олардың биылға құрған жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«12 шілдедегі жекпе-жектен кейін Иван тамызда тағы бір кездесу өткізеді. Біз оны қайта бабына келтіруге әрекет етіп жатырмыз. Иван биылдың соңына дейін үш жекпе-жек өткізетіні анық. Осы жылды Иван 11-0 немесе 12-0 рекордымен аяқтайды деп отырмыз. Кәсіпқой бокста, әсіресе Америкада нокауттардың маңызы зор. Ол гонорарға да, айқастың қызық болуына да, телевидениеге де әсер етеді. Иван алдағы кездесулерінің барлығын нокаутпен аяқтаса екен деп тілеп отырмыз», - дейді Әлиев.

Оның сөзіне қарағанда, Иванды Дерик Сантос-Росарио мен Рик Мандрес баптап отырған көрінеді.

Данияр Елеусінов туралы айтқан З.Әлиев, оның кәсіпқой боксқа әлі толық бейімделмегенін атап өтті.

«Ол әлі бейімделген жоқ. Жекпе-жекті жүргізу, техникаға қатысты кей тұстарда, яғни нағыз боксқа қатысты кемшіліктері бар. Данияр кейде кәсіпқойда жүргендей сезінеді. Келесі жекпе-жегін 27 шілде күні Далласта өңірлік белдіктердің бірі үшін өткізеді. Ол алға қадам басатын кез жақындап келеді», - дейді ол.

«Оның стилін өзгертейін деп отырған ешкім жоқ. Тек кәсіпқой бокста соққыға күш салып, қарсыласты мұқатуға тырысу қажет. Міндетті түрде нокаутқа жіберу қажет деп отырған жоқпын, қарсыласқа барынша ауыр соққы жасап, жекпе-жекті қызықты өткізу керектігін айтып отырмын. Негізінде, бұл оның қолынан келеді», - дейді менеджер.

Соңғы жаңалықтар