Дүйсенова әкімдер рейтингінде жұмыссыздық деңгейі ескерілетінін еске салды

None
None
 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 20 мың адам жұмыссыз. 

Өңірген келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын түсіндіріп, қажетті мамандарды қысқа мерзімде дайындаудың жолдарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында жұмыссыздық 4,8 пайыз деңгейінде сақталып тұр. Есеп бойынша 73 мың адам өз-өзін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Оның 50 мыңы нәтижелі жұмыспен айналысады. Ал 20 мың адам жұмыссыз.

«Өткен жылы жұмыспен қамту бағдарламасына сай 16 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл мақсатқа 9 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, ақшаның 98 пайызы игерілді. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 2 миллиард теңге қарастырылды. Талапқа сай жұмыс беруші мүгедектерді жұмысқа орналастыру керек. 3 пайыздық квота да бар. Бірақ осы жағы ақсап тұр»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Биыл елімізде «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы іске асыралады. Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова аудан, ауыл әкімдеріне рейтингтің бір бөлімі халықты жұмыспен қамтумен өлшенетінін еске салды.

null 

«Әкімдердің рейтингі халықты жұмысқа орналастырумен белгілі болады. Сондықтан жаңа бағдарламаны іске асыруда техникалық білім беру, қысқа мерзімді курстарда оқытып, білім алғандарды жұмысқа орналастыру ісі кешенді жүргізілу керек. Әкімдер ауылға қажетті мамандықты тағы бір қарап, нақты жұмыс орны ашылатын, қызмет орны босайтын мамандыққа жұмыссызды оқытуы қажет. Оқу арнайы колледждерде, тіпті мектептердің базасында да өткізіледі. Мәселен, компьютер үйрену керек болса, оған мектептің арнайы класын пайдалануға болады»,- деді министр Т.Дүйсенова.

Айта кетейік, «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыру үшін Ақтөбеге 5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оның ішінде 1 мыңнан астам адамды техникалық мамандықтарға оқыту үшін 255 миллион теңгеден астам қаржы қарастылған. Ал қысқа мерзімді курстар арқылы 757 адам оқытылады. Бұл мақсатқа 189 миллион теңге бөлінді. Қазіргі уақытта облыстық білім басқармасы мен салалық басқармалар бірлесе, алдағы 3 жылда өңірге 8 мыңға жуық маман қажет екенін анықтады. Сол сұранысқа сай тас жол төсейтін көлік жүргізушісі, лифт жөндеушілер мен бағбандар дайындалады. 

null

Соңғы жаңалықтар