+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

2020 жылғы 27 қаңтар 06:28
Бөлісіңіз:
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің оңтүстігінде қар жауып, тұрғын үйлерге жылуды қайта қосуға тура келді-әкім Қостанай облысында 87 ғимараттың шатыры қирады Күн қайта суытады – үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігі циклон әсерінде болғандықтан құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерінде жауын-шашын жауады, көбінесе қар түрінде, оңтүстікте кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі, солтүстікте қатты қар жауады.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, солтүстікте және оңтүстікте желдін екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді, Ақмола облысында желдің екпіні 30 м/с және одан асуы ықтимал.

Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28, таулы аймақтарда 30 м/с жетеді.

Павлодар, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде желдің күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді, Қарағаңды облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде желдің күші 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде – көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT