Дүйсенбіден бастап еліміздегі қорықтар мен ұлттық парктер ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда қорықтар мен ұлттық парктер ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.

Соның нәтижесінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және басқа да нысандар жұмысын бастайды. Бұл жерлерді жеке және 15 адамнан аспайтын туристік топтар аралап, тамашалай алады.

Дегенмен келушілер кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперде тағып жүруі керек.

«Барлық нысандарға тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңір әкімдіктері денсаулық сақтау министрлігі, «Атамекен« ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет», - деп атап өтті Е. Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар