Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 21 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын жауады, күн күркіреп, желдің күшейюі күтіледі. Оңтүстік-шығыста және шығыста кей жерлеріне тұман түседі.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдңғ жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - тұман болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде - найзағай. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман түсіп, күндіз  жел15-20 м/с 

Соңғы жаңалықтар