+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Дүйсенбіде Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болады

2018 жылғы 6 тамыз 00:19
Бөлісіңіз:
Дүйсенбіде Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман, күндіз найзағайлы жаңбыр жауады, Солтүстік Қазақстан облысында дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, түнде тұман болады, күндіз жел 18 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағайлы жауын жауады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге үдейді.

Ақтөбе, түнде Атырау облыстарында найзағай болады. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT