Дүйсенбіде Ақтөбе қаласында ауа сапасы нашарлайды
2022 жылғы 8 тамыз 06:19

Дүйсенбіде Ақтөбе қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 тамызда Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, дүйсенбі күні атмосфералық ауа сапасы тек Ақтөбе қаласында нашарлайды.

Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT