Дүйсенбі күні тағы екі облыста оқушылар сабаққа бармайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - 22 қаңтар күні аяздарға байланысты Ақмола  мен Павлодар облыстарында 1-11 сынып оқушыларына сабақтар болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22.01.2018 жылы Ақмола облысында қатты аяз. 1-11 сыныптарға сабақ болмайды», - делінген 112 қызметі таратқан смс-хабарламасында.

Осындай хабарламаны өңір тұрғындарына Павлодар облысының Төтенше жағдай ведомствосы да таратты. «22.01.2018 жылы Павлодар облысында минус 40 градусқа дейін қатты аяз. 1-11 сыныптарда сабақ болмайды», - делінген онда. 

Бұған дейін, күтіліп отырған сарышұнақ аяздарға байланысты дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайтынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар