USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Дүйсенбі күнге ауа райы болжамы

2021 жылғы 29 қараша 04:13
Бөлісіңіз:
Дүйсенбі күнге ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 қарашада республиканың басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің тек қиыр батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын, көктайғақ болады. Сонымен қатар барлық өңірде тұман, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Қазақстанда 30 жылдағы ең жылы желтоқсан айы 2021 жылы болды Ыстанбұл әуежайында барлық рейстер тоқтатылды

Атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с екпінмен жел тұрады. Түнде күші 23-28 м/с артады.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен орталығында тұман болжанады.

Еске салайық, синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT