Душанбеде «Мұзбалақ» анимациялық фильмі көрсетіледі

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - 22 желтоқсанда Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласындағы Кино үйінде («Зебуннисо» кинотеатры) Душанбеде «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақфильм киностудиясына сілтеме жасап.

15 желтоқсанда Тәжікстан және Қазақстан кинематографистер одақтарының ынтымақтастығы шеңберінде режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмі көрсетілді.

Он жыл бұрын шыққан фильмнің негізгі оқиғасы біздің дәуіріміздің III-IV ғасырларындағы кезеңді суреттейді (ислам дәуіріне дейінгі кезең). Үнсіз түсірілген кинотуындыны тамашалаған көрермендер өз ойларын ортаға салды. Кешті тәжіктің белгілі кинотанушысы Садулло Рахимов жүргізді.

Айта кетсек, осы ынтымақтастық шеңберінде 22 желтоқсанда Кино үйінде жақында ғана Израильден жеңіспен оралған «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмі көрсетіледі. Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениеті туралы сыр шертетін бұл анимациялық туынды бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайды.

Бұл фильмдерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.

Соңғы жаңалықтар