Душанбеде «Қазақстанның білім күні» өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан астанасы Душанбеде «Қазақстанның білімі күні» ұйымдастырылды. Бұл жайында Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан елшісі Нұрлан Сейтімовтің айтуынша, қазақ-тәжік қарым-қатынасы барлық салада, оның ішінде білім және ғылым салаларында да қарқынды әрі кезең-кезеңімен дамып келеді.

«Оның дәлелі жыл сайын тұрақты өткізіліп келе жатқан бүгінгі Қазақстанның білім күні бола алады. Бұл шара барысында тәжік жастары Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына түсу шарттарымен жан-жақты танысуға мүмкіндігі бар», - деді Нұрлан Сейтімов.

Ал Тәжікстан Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Рахматулло Мирбобоев бүгінгі шараны ұйымдастырғаны үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарына ризашылығын айтып, зор жетістіктерге жетулеріне тілектес екендігін білдірді.

Айта кетерлігі, шара барысында тәжік жастары Қазақстанның 21 жоғары оқу орнына қатысты өздерін қызықтырған сауалдар бойынша мол ақпарат алды.

null null null 

Соңғы жаңалықтар