Душанбеде қазақстандық бизнесті таныстыру сауда-экономикалық миссиясы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тамыздың 9-12 аралығында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының ұйымдастыруымен сауда-экономикалық миссиясы болып өтпек, деп хабарлайды Палатаның баспасөз қызметі.

Миссия қазақстандық өңделген өнімдер мен қызметтер экспортын көрші мемлекет нарығында ілгерілетуге негізделген. Біз өнімдеріміз бен қызметтерімізді танымал өзге өндірушілердің осы тәрізді тауарларынан ерекше етуіміз қажет.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы әлеуетті экспорттаушыларды іс-шараға қатысуға шақырады. Миссияға  қатысатындарын қазірдің өзінде 20 ірі тауар өндіруші растады. Олардың ішінде «Amitech Astana», «AQUA ALLIANCE», «IT&M», «Mega SMART», «Nedex Almaty» ЖШС, «Ақтөберельс-арқалық» және «Кентау трансформатор» зауыттары,  «Цесна-Астық» концерні»  ЖШС және тағы басқалар бар.

Тәжік тарапы көлік, экономикалық даму, қаржы, өнеркәсіп және энергетика министрліктерімен, сондай-ақ жекенменшік лизингілік көлік компанияларымен, тауарлық желілермен және басқа да фирмалармен ұсынылады.

Алдағы уақытта Сыртқы сауда палатасы қазақстандық бизнес мүдделерін сыртқы экономикалық салада таныстыру шеңберіндегі жұмыстарды жалғастыратын болады. 

null

Соңғы жаңалықтар