Душанбеде дауыс беру қарқынды жүргізілуде

2023 жылғы 19 наурыз, 14:02
Душанбеде дауыс беру қарқынды жүргізілуде

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – Қазақстаннның Тәжікстандағы Елшілігі жанынан ашылған №272 сайлау учаскесінде да ҚР Мәжіліс депутаттарын сайлау жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау учаскесіндегі тізімде Тәжікстан аумағында уақытша және тұрақты тұрып жатқан 100-ден астам Қазақстан азамат енгізілген. Отанындағы саяси өзгеріске үн қосуға ұмтылған қазақстандықтар Тәжікстанның түкпір-түкпірінен Душанбеге келіп жатыр.

photo

«Отандастарымыз сайлауға белсенді қатысып жатыр. Таңғы сағат 7.00-ден сайлау учаскесіне қазақстандықтар келе бастады. Тізімге Тәжікстан аумағында уақытша және тұратқты тұрып жатқан қазақстандықтар енгізілген. Оның негізгі бөлігі – бірлескен кәсіпорындардың қызметшілері, дипломаттардың отбасы, студенттер мен туристер», -дейді сайлау учаскесінің төрағасы Дархан Көшербаев.

photo

Елшілік қызметкерлері сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне, учаскенің үздіксіз жұмыс істеуіне бар күшін салып жатқанын айтып отыр.

photo

photo


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar