Душанбе мен Алматы арасында әуе рейстері жиілейді

None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – Тәжікстан әуе компаниясы Душанбе мен Алматы арасында қатынайтын әуе рейстерін жиілетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ховар» агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы «Сомон Эйр» авиакомпаниясынан мәлім еткен. 19 тамыздан бастап, «Душанбе-Алматы-Душанбе» бағытында аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері ұшақ ұшады. Әуе рейстері Душанбеде сағат 12:00-ге, Алматыда 16:00-ге қойылған.


Соңғы жаңалықтар