Дүрбелеңде салымдарын алғандар банктерге қайта салуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Kaspi bank-тен дүрбелең кезінде алынған депозиттің үштен бірі, яғни 35%-ы қайта оралған. Бұл туралы Кaspi bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе айтты.

Биыл ақпан айында sms шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері алған салым көлемі 169 млрд. теңгені құраған болатын. Оның ішінде ЦентрКредит банктің жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%, Kaspi bank - 16,8%, Альянс банк - 30,9%.

«Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады», - дейді Kaspi bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.

Басқарма төрағасының пікірінше бұл қарқын жалғасса дүрбелең кезінде алынған салымдардың негізгі бөлігі алдағы 3-4 айда қайта оралмақ.

Соңғы жаңалықтар