Дүниежүзінде бір тәулікте 670 184 адам коронавирус жұқтырған

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бүгінгі мәлімет бойынша дүниежүзінде бір тәулікте 670 184 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, 3 қыркүйектегі жағдай бойынша әлемде 603 635 330 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталды, тәулігіне өсім – 670 184 жағдай», - делінген ВАК хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар