+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Дүниежүзілік туризм күні: Зеренді ауданында отбасылық демалыс орны ашылды

2021 жылғы 27 қыркүйек 18:11
Бөлісіңіз:
Дүниежүзілік туризм күні: Зеренді ауданында отбасылық демалыс орны ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні Зеренді ауданында Danel туристік нысаны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Көрмедегі Көкшетаудың құс ұшатын биіктен түсірілген суреттері көрермен қызығушылығын тудырды Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды Ақмола облысынан хабар-ошарсыз кеткен адам ұрлық жасап ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, нысанған салынған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 60 миллион теңгені құрады, оның 9 миллион теңгесі «Бизнестің жол картасы-2050» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған.

«Туристік нысанның басты бағыты-экологиялық таза ауданда отбасылық демалыс ұйымдастыру. Демалыс орнындағы екі және төрт орындық бөлек тұрған үйлерде туристер үшін 28 төсек-орын бар», - дейді ведомстводан.

Зеренді ауылының «Зерен» саяжай кентінде орналасқан туристік нысанның иесі Руслан Асылбековтың айтуынша, мұнда отбасымен келіп демалатындарға барлық жағдай жасалған.

«Демалушылар үшін футбол алаңы, бампербол алаңы бар, Сонымен бірге, монша да қарастырылған. Danel туристік нысанында төрт жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың орташа еңбекақысы 150 мың теңгені құрайды», - деп атап өтті кәсіпкер Руслан Асылбеков.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT