Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: қазақстандықтар спорттың қай түрінен жүлде алуы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияда өтетін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы спорттың 5 түрінен сайысқа түседі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов қазақстандық топ қай сайыстан жүлде алуы мүмкін екеніне болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі 4 спорттан бақ сынаймыз. Ал бесіншісі ретінде қырғыз спортының бір түрі «Көкбөрі» дегенге де команда қойып отырмыз. Жалпы 5 спорт түрінен біздің қатысушыларымыз, шабандоздарымыз, садақшыларымыз - «сен тұр, мен атайын» деген азаматтар мен азаматшалар. Сондықтан біз барлығынан да үлкен үміт күтеміз. Жеңісті 1-2 орындардан көрініп қалармыз», - деді спикер.

Еске салайық, 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.


Соңғы жаңалықтар