Дүниежүзілік гимназиаданың алғашқы 3 күнінде Қазақстан 8 алтын алды
2022 жылғы 19 мамыр 09:58

Дүниежүзілік гимназиаданың алғашқы 3 күнінде Қазақстан 8 алтын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиаданың алғашқы 3 күнінде 14 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен аптада біз 250-ге жуық оқушымызды әуежайға барып, Францияға шығарып салдық. Олар алғаш рет Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып, әлемнің 70-ке жуық елінен келген құрдастарымен бақ сынасып жатыр.

Жарыстың алғашқы 3 күнінде оқушыларымыз 14 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 8 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. Дзюдо, таэквондо және жүзу жарыстарына қатысушылар алтын, жеңіл атлеттер мен дзюдошылар күміс, сондай-ақ дзюдошылар мен таэквондошылар қола жүлдегер атанды» деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Телеграм каналында.
Министр барлық жеңімпазды лайықты жеңісімен құттықтай келе «Әр медаль – еңбектің, табандылықтың, еңбекқорлық пен тәртіптің жемісі. Жақсы дайындық деңгейін көрсеткен мұғалімдеріңіз бен жаттықтырушыларыңызға, сондай-ақ қолдау көрсеткен ата-аналарыңызға алғыс айтамын» деп түйді сөзін.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік оқушылар гимназиадасына қатысып жатқанын жазған едік.



Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT