Дүниежүзілік бокс сериясы: Самат Бәшенов жеңіске жетіп, командасын алға шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бойынша «Астана арландары» мен «Куба Домадорес» арасындағы финалдық кездесуде Самат Бәшенов Ясниер Толедо Лопесті тізе бүктірді. Осылайша, шаршы алаңдағы үш кездесуде 2:1 есебімен «Арландар» алға шықты.

«Астана Арландары» командасының капитаны бірінші раундта кубалық боксшыны 9-10 есебімен алға жіберіп алған еді. Бұдан кейінгі раундтарда есеп теңесіп қана қоймай, Самат Бәшенов өзінің шаршы алаңда басымдығын дәлелдеді. Соққы алмасу барысында қабағын жарып, жарақат алғанына қарамастан «Арландар» капитаны барын салып өнер көрсетті. Осылайша, қорытынды есеп бойынша қапталдағы үш төреші де қазақстандық Самат Бәшеновтың жеңісін мойындады: жалпы ұпай : 48-47.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі кездесулерде Теміртас Жүсіпов жеңіске жетсе, Қайрат Ералиев қарсыласына есе жіберіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар