Дүниежүзілік бокс сериясы: «Астана арландары» 3:1 есебімен алға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) бойынша «Астана арландары» мен «Куба Домадорес» арасындағы финалдық кездесуде 75 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз Мейірім Нұрсұлтанов Арлен Лопес Кардонаны тізе бүктірді. Осылайша титулды кубалық боксшы Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы еш айла жасай алмады.

Бұл жекпе-жек те аса тартысты өтті. Бастыпқыда кубалық былғары қолғап шебері шаршы алаңда басымдық көрсеткенімен, кейіннен Мейірім Нұрсұлтанов өзінің осал боксшы емес екенін дәлелдеген. Нәтижесінде үш төрешінің (48-47; 48-47; 48-47;) есептері бойынша қазақстандық жеңіске жетті. Еске сала кетейік, бұған дейінгі кездесулерде Теміртас Жүсіпов жеңіске жетсе, Қайрат Ералиев қарсыласына есе жіберіп алған болатын. Бұдан кейін, «Астана арландарының» капитаны Самат Бәшенов те кубалықтан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар