Дүниежүзілік бокс кеңесі GGG-дің міндетті қарсыласын бекітті

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Украина астанасы Киев қаласында өтіп жатқан 56-кезекті конвенциясында, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1,34КО) міндетті қарсыласын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Boxingscene сайтына сілтеме жасап.

Boxingscene-тың хабарлауынша, Дүниежүзілік бокс кеңесі орта салмақтағы WBC және WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль Альвареске (50-1-2,34КО) келесі жекпе-жекте чемпиондық атағын еркін қорғауына рұқсат берді.

WBC-дың шешіміне сәйкес, орта салмақтағы WBC белдігінің міндетті үміткері Жермалл Чарломен (27-0, 21 КО) отандасымыз Геннадий Головкин жұдырықтасады. Осы кездесудің жеңімпазы Канелодағы WBC белбеуі үшін таласуға мүмкіндік алады.

Альварестің Промоутеры Оскар Де ла Хойяның айтуынша, мексикалық боксшы келесі жекпе-жегін үстіміздегі жылы желтоқсан айының 15 күні өткізеді.

Қазір оның қарсыласы GGG-ден жеңілген канадалық Давид Лемье (40-4-0, 34 КО) болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар