Дүниежүзілік банктің экономисі: Криптовалютаға қатысты күмән де, сенім де бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банктің Аймақтық басқармасының Еуропа мен Орталық Азия (ЕОА) бойынша бас экономисі Ханс Тиммер криптовалюталарға макроэкономика саласындағы мамандар қалай қарайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Криптовалютаға байланысты менде күмән де, сенім де бар. Себебі, экономикалық калькуляциялармен бұрыннан жұмыс істеп келемін. Біз криптовалюталар пен блокчейн қағидаты қаншалықты тиімді екенін байқау үшін айтарлықтай сараптама жүргіздік. Бұл компоненттер - цифрлық төңкерістің бір ғана бөлігі», - дейді ол.

Ханс Тиммер қазіргі уақытта криптовалюталарға айтарлықтай күмәнмен қарайтынын жасырмады.

«Бірақ, ең алдымен күмән - цифрлық эволюцияның даму қарқынына байланысты болып отыр. 2009 жылы блокчейн өзінің жұмысын бастады да, онымен тұспа-тұс алғашқы криптовалюта пайда болды. 2009 жылы сонымен қатар алғашқы айфон өмірге келді. Осылайша, интернет-қызметтердің ауқымы кеңейіп кетті. Денсаулық сақтаудан бастап көптеген салаларда интернет қызмет дамып кетті. Екінші жағынан, бұл қалыптасып қалған стандарттарды өзгертті», - дейді ол.

Дүниежүзілік банк өкілінің сөзіне сенсек, әлемдік экономиканың алдында мүлде бөлек міндеттер тұр.

«Дамудың екі түрі  - дұрыс және бұрыс бағыттағы жолы бар. Дұрыс жағы туралы сөз қозғағанда, онда криптовалюталар арқылы Үкіметтің есебін көруде басымдық беретінін ұмытпауымыз керек. Екінші жағынан азаматтық қоғамдастықтардың ықпалы арта түседі. Сонымен бірге, екінші, яғни бұрыс жағын алсақ: бұның арты - ірі компаниялар ауқымды конгламераттарға бірігіп алып, мәселен Фейсбук криптовалюталық компаниялармен бірігіп алды десек, онда осы ірі ойыншылар Үкіметті өзінше бақылауға алғысы келуі мүмкін. Осылайша, біз бәріміз көптеген ақпараттар эксклюзивті ойыншылардың ғана қолында қалатындай жағдайда қалуымыз мүмкін. Бұл ойыншылар әдейі үкіметтерге қатысты айла-шарғыларды жүзеге асырып отыруы ықтимал. Менің ойымша, жүйелерге бұлай араласудың қауіптілігі де бар секілді», - дейді ол.

Десе де, криптовалюталарға келгенде Ханс Тиммер күдікпен бірге, үміті де барын атап өтті.

«Сондықтан, әлеуетті қауіптерді айналып өтетіндей эволюцияға жол берілуі керек. Мен криптовалютадан түңілген адам ретінде көрінгім келмейді. Бірақ, сонымен бірге нарықтың қалыптасуының өз ережелері бар. Біз ең алдымен, цифрландырудың өзіне ауқымды инвестиция керектігін ескеруіміз керек», - дейді экономист.

Соңғы жаңалықтар