Дүниежүзілік банк Украинадағы жағдайдың Орталық Азия экономикасына әсерін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік банктің сайты Украинадағы жағдай Орталық Азиядағы пандемиядан ес жиып үлгермеген дамушы экономикаларға үлкен соққы болып тиіп жатқанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соғыс Еуропа мен Орталық Азияның пандемия салдарынан қалыптасып келе жатқан және дамушы экономикаларына соққы болып тиюде. Ресей мен Украинадан бөлек Беларусь, Қырғыз, Молдова Республикалары мен Тәжікстанда рецессия күтіліп отыр», - деп жазылған хабарламада.

Дүниежүзілік банктің дерегі бойынша, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказға импортталатын бидайдың 75 пайыздан астамы Украина мен Ресейдің үлесіне тиесілі.

«Сондай-ақ, Ресей көптеген елдер үшін экспорттың негізгі бағыты болып отыр. Ал Ресейден аударылатын ақша Орталық Азиядағы кейбір елдердің (Қырғыз Республикасы және Тәжікстан) жалпы ішкі өнімінің 30 пайызына жуығын құрап отыр», - деп жазады Дүниежүзілік банктің ресми сайты.


Соңғы жаңалықтар