+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Дүниежүзілік банк рейтингі: Қазақстан «Жемқорлықты бақылау» көрсеткішін жақсартты

2019 жылғы 10 желтоқсан 11:33
Бөлісіңіз:
Дүниежүзілік банк рейтингі: Қазақстан «Жемқорлықты бақылау» көрсеткішін жақсартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстан соңғы жылы «Жемқорлықты бақылау» индикаторы бойынша көрсеткіштерді екі рет жақсартқан. Бұл туралы елордада өткен V жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сот Болат Бақауовты қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды ШҚО-да орман шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері арасында парақорлық фактісі анықталды Қостанай облысында кәсіпорын директоры 10 млн теңге пара беру күдігіне ілікті

«Әлемдегі көптеген мемлекетте жемқорлық экономиканың жақсы дамуына кедергі келтіріп ең бастысы, азаматтардың құқықтары мен әл-ауқатына тосқауыл болып, мемлекеттік институтқа деген сенімді жоғалтады. Түбегейлі және келісімге келусіз жемқорлықпен күрес бастамасын Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастап, қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келеді. ҚР Президенті халыққа Жолдауында жемқорлықпен жүйелі түрде күресу керектігін бірнеше рет айтып өткен», - дейді ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.

Оның айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның Жемқорлыққа қарсы конвенциясының толық құқылы мүшесі.

«Бізде отандық және халықаралық тәжірибеге негізделген заңнамалық база жасалды. Халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат ете отырып, қоғамды жемқорлықтан азат қылатын дамудың жаңа моделін анықтаймыз. Осы мақсатта мемлекеттік қызметте ауқымды реформа болып, инновациялық дамуға негізделген кәсіби мемлекеттік аппарат құрылуда. Бизнес пен инвестицияны қорғайтын нәтижелі механизм құрылып, қоғамдық бақылау кеңістігі ұлғаюда. Мемлекеттік қызмет саласында цифрлық технологияларды қолдану тұрмыстық жемқорлықты азайтады деп ойлаймыз. Жалпы алғанда, Қазақстанның жемқорлықпен күресу саясатын халықаралық сарапшылар тарапынан да, әлемдік рейтингте де жоғары бағалануда. Мысалы, Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстан соңғы жылы «Жемқорлықты бақылау« индикаторы бойынша көрсеткіштерді екі рет жақсартқан», - дейді ол.

Конференцияға 10 елден 20-дан астам спикер қатысты. Олардың ішінде Францияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің басшысы Шарль Дюшен, Молдованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросының экс-президенті Анатолий Дончу, Украинаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы директорының орынбасары Анатолий Новак және тағы басқалары бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT