Дүниежүзілік банк Қазақстанмен ынтымақтастығын жалғастыра бермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллер ынтымақтастық туралы Негіздемелік келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл қадам бізге Дүниежүзілік банктің зор тәжірибесін, сараптамасы мен халықаралық байланысын пайдалануға жол ашады. Біріншіден, өзіміздің экономикалық саясатымызға қолдауын үшін белгілі бір шешімді дайындауға көмектессе, екіншіден қаржыландыруға қол жеткізуге септігін тигізеді», - деді Тимур Сүлейменов құжатқа қол қоя отырып.

Ол өз сөзінде аталған келісім біздің еліміздің қаржылық саласына аса пайдалы екенін тілге тиек етті.

«Өздеріңіз білетіндей, Дүниежүзілік банктің тобына дәл осы қаржы секторының инвестициясымен айналысатын халықаралық қаржы корпорациялары енеді. Міне, сондықтан бұл негіздемелік келісім біздің министрліктің, Үкіметтің және жалпы ел үшін практикалық маңызы өте жоғары», - деп түсіндірді министр.

Аталған келісімнің өзіне Мемлекет басшысының бастамасымен 2014 жылы қол қойылған болатын. Негізгі келісімге сәйкес, ынтымақтастықтың арқасында Қазақстанда қазіргі таңда ШОБ, өнімді инновацияларды жігерлендіру, адами капиталды жетілдіру, қоршаған ортаны қорғау, сонымен бірге автокөлік жолдарын күрделі жөндеу бағытында жобалар жүзеге асырылуда.

Биыл Дүниежүзілік банк ынтымақтастық бағыттарын кеңейтуді ұсынған еді.

Соңғы жаңалықтар