Дүниежүзілік банк Ауғанстанға кедейшілікпен күрес үшін $500 млн бөлді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк Ауғанстан билігіне $520 млн көлемінде грант бөлді. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі таратқан ақпараттарда айтылған, деп хабарлайды ТАСС.

«Дүниежүзілік банк бүгін Ауғанстанға кедейшілікпен күреске бағытталған шараларды жүзеге асыруға көмек ретінде $500 млн көлемінде қаржы бөлінгендігін жария етті»,-делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, бөлінген қаржы ел билігіне босқындармен байланысты мәселелерді шешіп, кедейшілік жағдайында өмір сүріп жатқан тұрғындарға түрлі мүмкіндіктер қалыптастыруға, олар тұрып жатқан аймақтарды электрлендіруге, азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге және ауылдық аймақтарға жол салуға көмектеседі.

Дүниежүзілік банктің бұл шешімі экономиканың тәуекелдері артып отырған тұста ел биілігінің бастамаларын қолдауға бағытталған. Халықаралық ұйым өкілдерінің хабарлауынша, 2011 жылы халықаралық күштердің елден шығарыла бастауы Ауғанстанда саяси жағдайдың болашағын бұлыңғыр етіп, экономикалық өсімнің қарқынын тежеген.

Соңғы жаңалықтар