Дүниежүзілік банк әлемдік экономика өсімінің болжамын бірден төмендетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік банктің 2023 жылы күткен жаһандық экономиканың 1,7% өсуі - соңғы 30 жылдағы ең төмені болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Дүниежүзілік банк сейсенбі, 10 қаңтарда әлемдік экономиканың өсу болжамдарын 3 %-дан (2022 жылғы маусымдағы болжам бойынша) 1,7%-ға дейін төмендетті. Бұл 2009 және 2020 жылдардағы дағдарысты қоспағанда, соңғы 30 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

«Украинадағы жағдай мен Ұлттық орталық банктердің пайыздық мөлшерлемесінің өсуіне байланысты көптеген елдер рецессия шегіне жетті. Осылайша, индустриалды дамыған елдер экономикасының өсу қарқыны айтарлықтай төмендеп жатыр. Атап айтқанда, АҚШ пен еуроаймақ мемлекеттері үшін өсу көрсеткіштері тек 0,5%-ды құрап отыр, дейді Дүниежүзілік банк сарапшылары.

Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша Қытай экономикасы 2023 жылы 4,3%-ға өседі. Бұл 2022 жылғы маусымдағы болжамнан 0,9 %-ға аз. Коронавируспен күресуге бағытталған қатаң шектеулерге, сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайға және 2022 жылы сұраныстың төмендеуіне байланысты Қытайдың ЖІӨ тек 2,7%-ға өсті, бұл 1970 жылдардың ортасынан бергі ең төменгі көрсеткіштердің бірі болды.

Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша Ресей экономикасы 2023 жылы 3,5%-ға төмендегеннен кейін 2023 жылы 3,3%-ға қысқарады. 2022 жылдың маусымында Ресей ЖІӨ 2023 жылы 2%-ға төмендейді деп болжанған еді.


Соңғы жаңалықтар