Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен ЕҒЗИ енді ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыратын болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен Еуразия ғылыми зерттеу институты енді ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыратын болды. Бұл туралы бүгін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан хабарлады.

Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Невзат Шимшекпен, оның орынбасары Айдарбек Әнуарбекұлымен кездесті.

Кездесу барысында қос тарап өз мақсат-міндеттеріне сай алдағы уақытта ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.

Бұл шаралар енді алдағы уақытта арнайы келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын болды.

Талғат Мамашұлы құрметті мейманға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 2015 жылы жарыққа шығарған «Казахская диаспора и репатриация (1991-2012)» ғылыми монографиясы мен «Туған тіл» альманахын тарту етті.

Еуразия ғылыми зерттеу институты Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Алматыдағы филиалы болып табылады.

Аталған институт жалпы Еуразия аймағына, оның ішінде түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтарға қатысты тың зерттеулер жүргізу және стратегиялық ұсыныстар әзірлеумен айналысады.

1

Соңғы жаңалықтар