Дунай өзенінде ірі апат болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Будапештте құтқарушылар мамыр айының соңында үлкен лайнермен соқтығысып, суға батып кеткен кемені су түбінен алып шықты. Дунай өзенінде соңғы 65 жыл көлемінде болмаған ірі апат салдарынан 28 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат bbc.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сүңгуірлер кеме қалдықтарының ішінен қаза болған төрт адамның денесін алып шықты. Тағы төрт адамның мәйіті табылмай отыр.

29 мамыр күні кешке Будапешт орталығындағы қаланың батыс бөлігі (Буда) мен шығыс бөлігін (Пешт) қосатын Маргарита көпірінің астында екі кеме соқтығысып қалды.

Кейіннен анықталғандай, ірі швейцарлық Viking Sigyn саяхат кемесі Hableany кемесіне соғылған.

Кеме бортында Оңтүстік Кореядан келген туристік топтың 35 адамы мен екі экипаж мүшесі - капитан және оның көмекшісі болған. Жеті адам құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар