Дунай Еспаев: Елбасының сөзі болашаққа деген үмітімізді нығайта түсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрының директоры Дунай Еспаев ұлықтау рәсімінен кейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөздері жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік сайлаудағы жеңісімен елімізде экономикалық, саяси дамудың жаңа деңгейі басталды», - деді Дунай Еспаев.

Театр директоры Президент мәдениет саласының дамуына ерекше назар аударылатынын атап өткені барлық мәдениет қызметкерлерін қуантқанын айтады.

«Ел Президенті ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде 10 міндетті атап өтті. Алға қойылып отырған бұл мақсаттар Қазақстанның Дүниежүзілік дамудың жиегінде қалып қоймай, прогреске ұмтылуына ықпал ететін болады. Біздерге, әлеуметтік-рухани саланың қызметкерлеріне мәдениет саласындағы оң өзгерістер жалғасатыны, бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстар құрғақ сандармен емес, нақты нәтижелермен өлшенетіні ерекше қуаныш сыйлады. Халықтың даусы назарға алынатын азаматтық қоғамды дамыту, ұлттық сенім кеңесін, Президенттік кадрлық резервті құру, Әлеуметтік сала қызметкерлерінің мәртебесін көтеру - осының барлығы болашаққа үміт ұялатады», - деп атап өтті театр басшысы.

Соңғы жаңалықтар