Дулат Исабеков: Тойға топырлап бара беретін болсақ - індеттен құтылмаймыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жазушы Дулат Исабеков коронавирус індетін жеңу үшін сабыр сақтап, тойға барудан бас тарту керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің де баратын жерім көп, бірақ бара алмаймын. Туған құдам қайтыс болғанда да бара алмадым. Топырақ сала алмай қалдық Адам аяғы сиреген соң, 2-3 адам ғана болатынын білгеннен кейін қырқына барып келдім. Басқа кесел - кесел, бұл кеселдің беті жаман», - дейді Дулат Исабеков.


Ол халықты індет кезінде сабыр сақтауға шақырды.

«Егер осылай айтқан сөзді тыңдамай, елемей, тойға топырлап бара беретін болсақ - бұл індеттен, бұл кеселден ешқашан құтыла алмаймыз. Осы есімізде болсын», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар