Дүкеннен жарты миллион теңге бонус алған елордалық сотқа шақырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық дүкен сатып алушыға жарты миллион теңгеге жуық бонусты қателікпен аударып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«М» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі азамат К.-дан қаржы сомасын өндіріп алу туралы арызбен жүгінді. Талапкердің сөзінше, өзіне тиесілі дүкендер желісінде сатып алушылар үшін бонустық бағдарлама бар. Бағдарлама ережесіне сәйкес, сатып алынған тауар үшін бонус беріледі, ол чектің нөміріне байланыстырылады. Азамат К. 900 мың теңгеге тауар сатып алған. Бірақ кейін қажетінің болмай қалуына байланысты оны қайта өткізген. Алайда, бағдарламада болған ақауға байланысты оған 480 мың теңге бонус қателікпен берілген. Ол бұл бонусты пайдаланып, 540 мың теңгеге тауар алған», - деді Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Сот мәліметіне сәйкес, егер бонустар техникалық ақаудан және бонустарды есептеу процесінде кеткен қателіктен берілген жағдайда сатып алушы бұл туралы акцияны ұйымдастырушыға хабарлауы тиіс. Азамат К. оны жасамаған.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық соты ЖШС-ның талабын толық көлемде қанағаттандырды. Елорда тұрғыны 480 мың теңгені қайтаруға міндеттелді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.


Соңғы жаңалықтар