Дүкеннен сыра алып, ақшасын төлемеген жүргізушіні полиция қуып жүріп ұстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада көлігімен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 12:35-те 102 нөміріне қоңырау түсіп, екі азаматтың дүкеннен алған тауарға ақша төлемей кеткені хабарланған.

«Бірнеше минуттан кейін дәл осындай хабарлама тағы бір дүкеннен түсті. Белгісіз екі адам дүкеннен 2 банкі сыра алып, ақшасын төлемей, «Тойота Камри» көлігіне отырып, кетіп қалған», - делінген таратылған ақпаратта.

Полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығы бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктілерді Қорғалжын тасжолы бойынан байқаған.

«Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі полицияның заңды талабына бағынбай жол ережесін өрескел бұзған.

Жолдың қарсы бетіне шығып, бағдаршамның қызыл түсіне де тоқтамай қашқан.

Сол арқылы жол қозғалысының өзге де қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде патрульдік полицияның мамандандырылған батальоны 30 жастағы жігіт жүргізген көлікті Шұбар ықшамауданында ұстады. Салонда жүргізушімен бірге 33 жастағы жолаушы болған. Куәландыру нәтижесінде жүргізушінің орташа деңгейде мас болып көлік айдағаны анықталды. Көлік коммуналдық автотұраққа қойылды», - деп атап өтеді департаменттен.


Скрин из видео




Соңғы жаңалықтар