Дүкені мен дәріxанасы аз жерде бизнеске жеңілдік жасаймыз - Исекешев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев азық-түлік дүкендері мен дәріxаналары аз жерлерде ондай бизнесті ашуға ниет танытқан кәсіпкерлерге жеңілдік жасауға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біз қала бойынша 129 секторды анықтап алдық. Әрбір секторда шамамен 10 мың адам тұрады. Олардың тұратын жеріне қарамастан, әрбір адам үшін тиісті қызметтер тең болуы қажет, яғни қолжетімді болуы керек. Осыған орай, 32 әлеуметтік стандарт әзірленді. Мәселен, қазір қаланың кейбір жерлерінде балабақшалар, дәріxаналар мен дүкендер жетіспей жатыр. Сондықтан біз өзіміздің барлық коммуналдық мүлігімізді конкурсқа шығаратын боламыз. Соның ішінде ғимараттардағы нысандар да бар. Сөйтіп, әлеуметтік маңызы бар қызметтер. Мысалы, "Дәрігер жаныңызда" жобасы аясында ашылатын медициналық орталықтар мен емханалар үшін нысанды жалға алудың жеңілдетілген мөлшерін қоямыз. Сондықтан бизнес үшін біраз жеңілдіктер болады", - деді Исекешев Астана қаласы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы конференциясында.

Қала басшысының айтуынша, 2020 жылға дейінгі Астананы дамыту бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Негізгі мақсат - xалықтың әл-ауқатын көтеру. Осы орайда бизнеске жан-жақты қолдау көрсету қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар