+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кіргендерге айыппұл салынады

2020 жылғы 15 шілде 17:59
Бөлісіңіз:
Дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кіргендерге айыппұл салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кірген адам әкімшілік жауапкершілікке тартыла ма? Бұл сұраққа Әділет министрі Марат Бекетаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин шекара маңындағы эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстауды тапсырды Коронавирустың таралуы: Қазақстанның басым өңірлері «жасыл» аймақта

«Көшеге шығып жүгіруге, серуендеуге болады. Үш адамға дейін жүргендерге ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Тіпті сіз далаға маскасыз шықсаңыз да ешқандай жауапкершілікке тартылмайсыз. Алайда егер дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кірсеңіз, жауапкершілік болады. Өйткені ол – жабық нысан», - деді Марат Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Қазақстанда қатаң карантин шаралары 2 тамызға дейін ұзартылған болатын.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алдағы кезеңге бірқатар нақты міндеттеме белгіледі. Қатаң карантиндік шаралардың екінші аптасы өтіп жатыр. Вирустың таралуы бойынша жағдай күрделі. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру үшін шектеу шараларын тағы екі аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап отырмыз», - деді Премьер-министр Үкімет отырысында.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT