+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Дүкендердегі садақа жәшіктерін ұрлаған алаяқ ұсталды

2020 жылғы 7 ақпан 14:49
Бөлісіңіз:
Дүкендердегі садақа жәшіктерін ұрлаған алаяқ ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда садақа жәшіктерін қолды еткен адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, ұры дүкендерді аралап өзін қайырымдылық қорының мүшесі ретінде таныстырған. Сөйтіп садақа жәшіктерін алып кетіп отырған. 31 жастағы жігіт бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Бұл жәшіктер көбінесе науқас балаларды емдеуге ақша жинау үшін қойылған. Ұры оны алып кетіп өз мақсатына жаратқан. Ол осындай 4 дүкеннен жәшіктерді алып кеткен. Қазір полиция күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Оның үстінен ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды», - деді Түрксіб ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары Тимур Мулинов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT