Дүкен терминалдарында мемлекеттік қызметтің қай түрін алуға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүкендерде орналасқан «Касса 24» терминалдарында бірқатар мемлекеттік қызметтерді алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметіне сәйкес, осындай 15 мың терминал бар. Соның арқасында дүкенде, суперамеркетте мемлекеттік қызметтің бес түрін жылдам алуға болады. Бірақ ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркеліп, жеке кабинетті ашу қажет.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ төрағасының орынбасары Дәулет Бекмановтың айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтердің біраз бөлігі электронды форматқа ауыстырылды. Ендігі мақсат - аталған қызметтердің арналарын кеңейту. Осыған орай, бірнеше мемлекеттік қызметті аталмыш терминалдар арқылы іске қосу туралы шешім қабылданды. «Мәселен, терминалдар арқылы мекенжай анықтамасын, адамның сотты болғаны туралы құжатты, зейнетақы және жылжымайтын мүлік туралы анықтамаларды алуға болады. Енді, терминал оны қағаз түрінде басып бермейді. Сол жерден кез келген адам өзіне қажетті бес құжаттың біреуін электронды поштасына жібере алады. Сөйтіп, үйге барып, басып шығаруға болады», - деді Д.Бекманов ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жеке құжаттардың электронды қоймасын іске қосуды көздейді. Бұдан бөлек, бірнеше функция бәсекелестік ортаға беріледі. Соның ішінде 1414 байланыс орталықтары да бар.

Соңғы жаңалықтар