Дүкен Мәсімханұлы: Біздің басымызда ешбір медальмен өлшенбейтін бақыт бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы Қазақстандаықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Бақыт дегеніміз - жеке адам үшін деннің саулығы мен бастың бостандығы! Ал  Ұлт үшін азат елі, тәуелсіз мемлекеті болу! 16 желтоқсан жеке адам ретінде де, ұлт ретінде де басымызға бақыт қонып, Қыдыр дарыған күн!  Қазақ баласының  сондай шексіз бақыттың бесігінде тербетіліп келе жатқанына бүгін тұп-тура ширек ғасыр толды! Кешелі бергі "анау алды,  мынау алмады" деп жатқан, орден-сөрден, медал-седал деген түк емес! Ең бастысы бәріміздің  басымызда  «азат елдің азаматы»  деген алтыннан да қымбат, орденнен де даңқты бақытымыз бар!  Сондықтан, біз үшін  Тәуелсіздік күнінен асқан мереке жоқ! Ширек ғасырлық ұлы тойың  құтты болсын, қазақ баласы! Тәуелсіздігіміз тұғырлы да ғұмырлы болсын!» - дейді    профессор.

Соныме бірге ғалым отандастарына өзінің жүрек жарды өлеңін арнады.               

ҚАЗАҚСТАН

Тасы қаным, қайна қаным, барсың ба?

Бүгін қайнап, тасымасаң қансың ба?!

Ақын болып жаралғаным шын болса,

Жанның шөлі,  көңіл қыбы  қансын да...

 

Соқ  жүрегім, бұлқын,  шалқы,  арында,

Ақсын  жалын  алпыс екі тамырда.

Иә,  бүгін  мен  кімдерден  кем  едім,

Азат  отан  - ҚАЗАҚСТАН  барында!?

 

Қазақпын мен, Гун ұрпағы, күн бабам,

Азатпын мен,  көкке туын бұлғаған.

Құлақ түрді  қазаққа  да,

Кешегі  -

Миығынан  қарап  келген  дүр-ғалам.

 

Азат бүгін қиялым  да, ойым да,

Бостан жыры асқақтайды тойым да.

Тілде тиек, ерінімде  қақпақ   жоқ,

Жоқ  ажырғы,  аяқ-қолда,  мойында...

 

Азат  бүгін  тауым,  қалам,  қырым да,

Асқақ  бүгін  әнім,  күйім,  жырым да.

Жайраң  қағып  жырлап,  күліп  ағады

Ертісім  де,  Жайық,  Ілем,  Сырым  да...

 

Қазақстан,

Кеудемдегі  жанымсың,

Бойымдағы  буырқанған  қанымсың.

Сезімімсің,  ақылымсың, санамсың,

Тақытымсың,  бақытымсың,  барымсың...

 

Қазақстан ,

Намысымсың,  арымсың,

Жүректегі   жанартаусың,  жалынсың.

Тірлігіме  шуақ  шашқан  арайлы,

Мәңгі  жарық, мәңгі  жарқын  таңымсың.

 

Қазақстан,

Көкте  күлген  күнімсің,

Зуанымсың,  жыр-әнімсің,  үнімсің.

Тәңірімсің  - падишасы  рухымның,

Жалғандағы  табынатын  пірімсің.

 

Қазақстан,

Қос  жанарым - көзімсің,

Кәлимамсың,  өлердегі  сөзімсің.

Асып-тассам,  алшаң  бассам  бүгінде  -

Бар бақыттың  бастау  көзі  өзіңсің.

 

Қазақстан,

Тәңірімдей  тірексің,

Үмітімсің,  арманымсың,  тілексің...

Тұғырысың  елден биік  еңсемнің,

Кеудемдегі  атойлаған  жүрексің.

 

Қазақстан,

Жырлап  өтем  өзіңді,

Айтып  өлем,  сөйлеп  өлем  сөзіңді!

Ұйықтап  қалсам, сен бір жаққа кетердей,

Мен   әр түні  әзер ілем  көзімді.

Уа, ұлы Отан, сүйіп  өлем өзіңді!!!   

Соңғы жаңалықтар