Дубайға ұшып бара жатқан әйел темекі тартқаны үшін ұшақтан түсіріліп, 153 мың теңге айыппұл төледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері жолаушылар пойызы мен ұшақтан 701 азамат түсірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде көліктегі полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов хабарлады.

Оның айтуынша, жыл басынан бері департаментте 19 209 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Сондай-ақ, қаңтар және мамыр айлары аралығында көлік полицейлерімен түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін жолаушылар пойызы мен ұшақтан акті бойынша 701 азамат түсірілді.

Оның 437-сі - пойыздан, ал 264-і - әуе көлігінен.

Мәселен, 4 маусымда Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция қызметкерлері «Дубай – Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейсінен акт бойынша құқықбұзушы әйелді түсірді.

Тексеру барысында полицейлер әуе кемесінің бортында темекі өнімін тұтынған 21 жастағы Өзбекстан азаматшасын анықтады.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441 бабы 1-2 бөлігімен, яғни, әуе кемесінің бортында темекі тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 айлық есептік көрсеткіш (153 150 теңге) көлемінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар