Дубайдан ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 қаңтар күні Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Корей, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 16 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, Қазақстанға барлығы 1 379 жолаушы ұшып келген. Оның 1 190-ында коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған, 189 адам анықтамасыз келген, олардың барлығы ҚР азаматтары.

Атап айтқанда,

- Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс қонған, барлығы 610 жолаушы, оның ішінде анықтамамен - 570, анықтамасыз - 40;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 540 жолаушы, анықтамамен – 391, анықтамасыз - 149;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 132 жолаушы анықтамамен келді;

- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 97 жолаушы анықтамамен келді.

«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, 12 қаңтар күні Қазақстанға ПТР анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 94 азаматының тест нәижелері дайын болды. Оған сәйкес, «Дубай – Алматы» рейсінің 2 жолаушысынан коронавирус инфекциясы анықталды.


Соңғы жаңалықтар