Дубайдағы ғажайып лазерлік шоудың видеосы жұртты тамсандырды

None
None
   АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайда Жаңа жыл мерекесін тойлау аясында ауқымы жағынан теңдессіз лазерлік шоу ұйымдастырылды. Оның видеосы You Tube-та жарияланды.

Light Up 2018 деген атпен өткен шоуға әйгілі Бурдж Халифа ғимараты түгел пайдаланылған. Кейбір БАҚ-тардың хабарына қарағанда, шоу Гиннестің рекордтар кітабына енгізіледі.

Көрермендер 7 минут бойы музыкамен сүйемелденген салтанатты лазерлік проекцияларды тамсана тамашалады. Ұйымдастырушылар қарапайым салюттердің орнына лазерді пайдаланған. 

Соңғы жаңалықтар