Дубайда жол апатынан 17 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дубайда (БАӘ) туристік автобус жол апатына ұшырап, салдарынан 17 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Дубай полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 17:40-та Оман Сұлтанатында тіркелген мемлкеттік нөмірлі туристік автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. 31 жолаушысы бар автобус Мухаммад бен Заид шейх жолымен метро стансасына қарай бағыт алған.

Бұған дейін аталмыш жол апатынан әр елден келген 15 туристің қаза болғаны хабарланған болатын. Енді құрбандар саны 17-ге жетіп отыр. 5 адам ауыр жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар